Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Жолдау жүзеге асуда: Қызылордада жұмысшылардың жалақысы көтеріледі

2018 жылғы 16 қараша 20:32 2043
Бөлісіңіз:
Жолдау жүзеге асуда: Қызылордада жұмысшылардың жалақысы көтеріледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақыларын көтеру үшін келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Қордабайдың мәлімдеуінше, Елбасы Жолдауы жарияланғаннан кейін облыс әкімдігі 56 тармақтан тұратын Өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Мемлекет басшысы Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырған болатын. Осыған орай Жолдаудан туындайтын міндеттерді уақытылы әрі мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

«Бүгінде облыста жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақыларын көтеру үшін ірі және орта кәсіпорындардың басшыларымен келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесінде, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 6 кәсіпорында 572 қызметкердің еңбек ақысын көтеру жоспарланып отыр. Бұл ретте, олардың орташа айлық еңбекақысы 45270 теңгеден 55570 теңгеге (13,2%) дейін өсетін болады», - деді Н.Қордабай.

Сонымен қатар, өңіріміздегі бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 25196 қызметкердің еңбекақысын көбейту үшін республикалық бюджеттен трансферттер бөлу есептемелері келісілді. Ал, қоғамдық жұмысқа тартылатын 6400 аз қамтылған азаматтардың қаржысын ұлғайтуға қосымша қаражат іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT