Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Жогорку Кенеш депутаты: Әлеуметтік мәселелер, өңірлерді дамыту - әрбір мемлекет үшін өзекті

2019 жылғы 21 маусым 21:28 978
Бөлісіңіз:
Жогорку Кенеш депутаты: Әлеуметтік мәселелер, өңірлерді дамыту - әрбір мемлекет үшін өзекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік мәселелер және өңірлерді дамыту - кез келген мемлекет үшін өзекті мәселе. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде жариялаған ел дамуының он бағытына қатысты осындай пікірді Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Г.Асылбаева білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған бағыттар декоративті сипатта емес, бұрын қабылданған стратегиялық бағдарламалардың жалғасы екенін баса айтқан жөн. Бұл ретте, Қазақстан басшысы бірқатар негізгі басымдықтарды, оның ішінде жіті әлеуметтік проблемаларды және әлеуметтік саясатты жаңарту сияқты мәселелерді нақты шешу қажет екенін атап көрсетті. Жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй проблемаларын шешу, әділ әлеуметтік саясат жүргізу - мұның бәрі кез келген мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Оған қоса, Қ.Тоқаев өңірлерді дамыту мәселелерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Оның айтуынша азаматтарды толғандырған мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс, өңірлер қуатты болса Қазақстан да қуатты болады. Қ.Тоқаевтың өңірлерді дамыту жөніндегі тұжырымы Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков жария еткен Қырғыз Республикасының өңірлерін дамыту және цифрландыру стратегиясымен ұштасып жатыр. Шындығына келгенде, адамдардың өтініштеріне құлақ асу, оларды жергілікті жерлерде шешу, азаматтар алдында тұрақты түрде есеп беру - биліктің негізгі міндеті», - деді ол.    

Г.Асылбаеваның атап өтуінше, ҚР Президентінің ұлықтау салтанаты кезінде жариялаған басымдықтары барынша оңтайлы, әрі дұрыс бағытта және қазіргі заман талабына сай келеді.

 

Фото: www.archive.tazabek.kg

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT