Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуына айыптылар кінәларын мойындамады

2019 жылғы 6 шілде 01:21 692
Бөлісіңіз:
Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуына айыптылар кінәларын мойындамады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Атырауда басталған сот процесінде Жайық өзенінде балықтың жаппай қырылуына айыптылар өз кінәларын мойындамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысында өткен жылдың желтоқсан айында балықтың жаппай қырылуына айыпты «Атырау су арнасы» КММ-нің бұрынғы директоры, оның орынбасары мен су тазарту стансысының бұрынғы басшысына қатысты айыптау қорытындысы оқылды.

Кәсіпорынның бұрынғы директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 371-інші (Салғырттық), 204-інші (Аса ірі көлемде залал келтіре отырып, өзгенің мүлкін жою), 328-інші (Қоршаған ортаға аса ірі мөлшердегі залалға алып келген жерүсті суын ластау) баптары бойынша кінә тағылып отыр.

Сот алдында жуап беріп отырған өзге тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 328-інші және 204-інші баптарымен айыпталуда.

Күдіктілер өз кінәларын мойындамайтындықтарын жеткізді. Сот талқылауы жалғасуда.

Еске салайық, ҚР ІІМ тергеу тобының нұсқасы бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында балықтың жаппай қырылуы «Атырау су арнасы» КММ-нің Жайық өзеніне құрамында хлоры көп суды төгуінен болған. Салдарынан барлығы 120 тонна балық, соның ішінде 101 тонна бекіре тұқымдас балық қырылды.

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT