Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жаңаөзенде қант зауыты ашылады

2019 жылғы 10 шілде 00:59 491
Бөлісіңіз:
Жаңаөзенде қант зауыты ашылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бір айдан соң Жаңаөзенде күніне 10 тонна қант шығаратын  зауыт ашу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзендегі «Орда» деп аталатын қант зауытының құрылысына облыс әкімі Серікбай Трұмов барып, аралап көрді. 

«Бір айдан соң зауыт ашылады деп жоспарланып отыр. Шикізатты Ресейден алып келеміз. Зауыт 24 сағат бойы жұмыс істейді. Қызметкерлер 3 ауысымда еңбек етеді. Жоспар бойынша күніне - 10 тонна, айына - 300 тонна қант шығарылады»,-дейді кәсіпорын директоры Ерболат Сүлейменов. 

Айта кетейік, қазіргі таңда нысанның 90 пайызы аяқталып тұр. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT