Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Жаңа Серпін» бағдарламасы: Көкшетаудағы тігін фабрикасына 60 адам жұмысқа орналасты

2018 жылғы 25 мамыр 18:18 887
Бөлісіңіз:
«Жаңа Серпін» бағдарламасы: Көкшетаудағы тігін фабрикасына 60 адам жұмысқа орналасты

  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Асыл Арман» ЖШС ( «Новопэк» фабрикасы) мен Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басқармасы арасында екіжақты серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Асыл Арман» ЖШС полиэтиллен және полипропилен қаптарын шығарумен айналысатын, қарқынды дамып келе жатқан іргелі кәсіпорын. Фабрика «Жаңа Серпін» бағдарламасының дамуына зор үлесін қосуда. 

Кәсіпорын басшысы Айдар Жақыповтың айтуынша, фабрикада 700-ге жуық адам еңбек етеді. 2017 жылдың қазан айынан бастап, 60 астам адам әр түрлі мамандықтар бойынша оқытылды.  Оған қоса, Маңғыстау облысының 40 тұрғыны арнайы мамандықтар бойынша білім алуда.

Айта кетерлігі, бағдарлама қатысушылары білім алғаннан кейін маман ретінде фабрикада вахталық әдіс бойынша жұмыс істейді. Өзге облыстардан келіп, кәсіпорында вахталық әдіспен жұмыс істейтін көптеген мамандар отбасыларын Көкшетауға көшіріп алғысы келеді. Соның бірі Асылбек Інгербаев жақында отбасын көшіріп, енді тұрақты жұмыс істеуге кірісті. Бұл әрине, кәсіпорын үшін де, жұмысшы үшін де тиімді.

«Жаңа Серпін» бағдарламасы: Көкшетаудағы тігін фабрикасына 60 адам жұмысқа орналасты 

Бағдарлама бойынша жұмысқа қабылданған мамандарға 95 мың теңгеден жоғары айлық төленеді. Олардың барлығы тамақ және баспанамен қамтылады. Биылғы жылы «Асыл Арман» ЖШС өз жұмысшылары үшін салып жатқан жатахананың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Оған кәсіпорын жұмысшыларымен бірген «Жаңа Серпін» бағдарламасына қатысушыларда орналастырылатын болады.

«Жаңа Серпін» бағдарламасының экономикасы қарқынды дамып жатқан өңірлер үшін берері мол. Бағдарлама арқылы әлеуеті жоғары жұмысшыларда біліктіліктерін арттыруға болады. Біздің компания осы бағдарламаның одан әрі жүзеге асырылуы үшін атсалысатын болады. Жалпы, біз жұмысшыларға барлық жағдай жасалынған. Сондықтан, жұмысқа шақырылған адамдар біртіндеп еңбекке тарту арқылы тез бейімделіп кетеді», - дейді Айдар Жақыпов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT