Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

«Зерен-2019»: Көшбасшы жастар кәсіпкерлікті дамытудың қыр-сырымен танысты

2019 жылғы 7 шілде 18:34 727
Бөлісіңіз:
«Зерен-2019»: Көшбасшы жастар кәсіпкерлікті дамытудың қыр-сырымен танысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еліміздің көшбасшы жастары кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысындағы «Зерен-2019» республикалық жастар білім лагерінің бірінші ауысымының жұмысы жалғасуда. Бүгін бірнеше бағыт бойынша тренингтер өткізілді. Оның ішінде еліміздің әр өңірінен келген көшбасшы жастар кәсіпкерлік ойлауды дамыту, идеяларды коммерцияландырудың және масштабтаудың жаңа тәсілдерімен танысты.      

«Мен Павлодар облысынан келдім. Менің жобам «Интеллектуальды меншік нысандарын коммерцияландыру» деп аталады. Жобаның мәні Қазақстанның барлық қалаларында кәсіпорындар ашып, олармен жұмыс істеу. Мұндағы басты табыс көзі -технологиялық проблемаларды табу. Мысалы: Нан пісіретін комбинатта нан күйіп кете береді дерлік. Біз жас өнертапқышты немесе жас өнертапқыштың қолданыстағы ғылыми жобасын тауып, оны осы технологиялық проблема көріп отырған компанияға ұсыну. Осы, яғни, делдал болу арқылы табыс табу. Мұндай проблемасы бар компаниялар елімізде жетерлік.

Жобамыздың екінші бөлігі интеллектуалды әлеуетті ынталандыру. Әр адамның бойында өнертапқыштық бар. Мектеп оқушысы, жас немесе ересек адам болсын, соның бойындағы осы өнертапқыш жобаны анықтап,  сол арқылы бизнес құру. Мен командамда ІТ жобасы сияқты көптеген бағыттағы жобаларды қолдайтын адамдар бар. Қазір осындай жобалар Петропавл қаласында сәтті жүзеге асырылып, қомақты табыс тауып отыр. Біз олардың мақсаттарына жетуіне, тиімді нәтиже алу үшін олардың жұмыстарын бағыттау және үйлестіруіне көмектесемін. Сондай-ақ, өз мамандығым бойынша заңгерлік және патент иесі ретінде көмек беремін», деп атап өтті С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «юриспруденция» кафедрасының 1-ші курс магистранты Дамир Бекбаев.

Оның сөзінше, тренинг кезінде жастар кәсіпкерлік ойлауды дамыту, идеяларды коммерцияландырудың және масштабтаудың жаңа тәсілдері жөнінде ақпарат алатын болады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT