Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Заңдар сапасын арттыру үшін Сенатта ауқымды сарапшылар пулы құрылмақ

2019 жылғы 4 шілде 15:34 1227
Бөлісіңіз:
Заңдар сапасын арттыру үшін Сенатта ауқымды сарапшылар пулы құрылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзекті әрі резонансты мәселелер бойынша парламенттік тыңдауды жиі өткізу қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қызметке кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде өзі жүргізетін саясаттың 10 бағытын тұжырымдады. Бұл бағыттардың әрқайсысы Парламенттің мазмұнды қызметтер атқаруы қажеттігін білдіреді", - деді Д. Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол қызметтік тұрғыдағы Сенаттың қадамдарына тоқталды.

"Біріншіден, Президенттің тапсырмаларын ескере отырып, 2019 жылға арналған Сенаттың жұмыс жоспарын түзету. Қажет болса, заң жобаларын әзірлеу мен қабылдауға бастамашылық жасау керек. Екіншіден, заңдардың орындалуын қадағалау үшін Үкімет мүшелерінің өз қызметі туралы есептерін тыңдау рәсімдерін толық көлемде пайдаланған жөн. Өзекті әрі резонансты мәселелер бойынша парламенттік тыңдауды жиі өткізу қажет", - деп тоқталды Сенат спикері.

Үшіншіден, аймақтармен жүйелі негізде маңызды мәселелер бойынша жұмыс жүргізу қажет, сондай-ақ  сенаторларға аймақтарды аралап, жергілікті мәслихаттармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеуді жоспарлау керектігі айтылды.

"Төртіншіден, біз Сенаттың қызметін барынша жария және ашық түрде жүзеге асыруға ниеттіміз. Бұл жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Сенаттың веб-сайты жаңартылды. Күзден бастап Парламенттің жоғары палатасының заңнамалық және жұмыс материалдары қолжетімді болады. Бесіншіден, қабылданған заңдардың сапасын арттыру үшін Сенатта ауқымды сарапшылар пулын құруды көздеп отырмыз. Заңдарды талқылау әрі қабылдау кезінде ғылыми қоғамдастықтың, жастар мен гендерлік ұйымдардың, еріктілер қозғалыстарының, ҮЕҰ және кәсіпкерлердің пікірлері ескерілуі керек", - деді Дариға Назарбаева.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Парламент, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT