Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату артықшылықтары

2019 жылғы 4 шілде 12:03 1027
Бөлісіңіз:
Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату артықшылықтары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жылу есептегіштер әзірге кең таралған емес, себебі оларды таңдауымен, орнатуымен және пайдалануымен байланысты көптеген сұрақтар туындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ мәліметінше, аспаптандыру бағдарламасы - бұл тұрғындардың тұтынылған ресурстар (жылу, су және электр энергиясы) үшін шығындарын азайту мақсатында жалпыүйлік және жеке жылу, су және электр энергиясын есептеу құралдарын орнату.

2015 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Елбасының тұрғын үй қорында жылуды есептеудің үйге ортақ құралдарын орнату туралы тапсырмасын орындау мақсатында Аспаптандыру бағдарламасын іске асыруды бастады.

Жалпы үйлік жылуды есептеу құралын орнатудан бірқатар артықшылықтарды атап өту қажет.

Біріншіден, жылуды есептеу құралы ресурстың нақты тұтынылған мөлшерін белгілейді. Бұл жағдайда ешқандай ұйым тұрғындарға жылу энергиясы мен жылу тасымалдағышты ұсына алмайды.

Екіншіден жылу тасымалдағыштың сапасына бақылау болғандықтан барлық бұзушылықтар құжатпен тіркеледі. Демек, кез келген сәйкессіздікті жылумен қамтамасыз ететін ұйымдарға наразылық арқылы дәлелдеу оңай.

Үшіншіден, жылу есептегіш құралдың деректері үйде энергия үнемдеуші технологияларды енгізу қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, сыртқы температураға байланысты жылу беруді реттеу үшін автоматты араластырғыш торап.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT