Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үндістандағы бөгеттің бұзылуы: 20-дан астам адам із-түзсіз жоғалып, бірнеше үй су астында қалды

2019 жылғы 3 шілде 10:00 847
Бөлісіңіз:
Үндістандағы бөгеттің бұзылуы: 20-дан астам адам із-түзсіз жоғалып, бірнеше үй су астында қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Махараштра штатындағы Тиварда бөгет бұзылып, екі адам мерт болды. Бұл туралы сәрсенбі күні ANI ақпараттық агенттігі жергілікті әкімшілікке сілтеме жасап хабарлады.

Деректерге сәйкес, 20-дан астам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында. Сондай-ақ, бөгетке жақын орналасқан 12 үйді толықтай су басып қалған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Маусым айының соңында Үндістанға соңғы 10 жылдағы ең күшті муссон келген. Қазіргі уақытта Махараштра штатында 20 адам қаза тапқан. Синоптиктер жауын-шашынның тағы бірнеше күн жалғасатынын болжап отыр. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Су тасқыны,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT