Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Ұлттық банк көпбалалы отбасылар үшін ипотека бойынша қолдау жасауға дайын

2019 жылғы 3 шілде 14:17 2529
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк көпбалалы отбасылар үшін ипотека бойынша қолдау жасауға дайын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі көпбалалы отбасылар, толық емес және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар үшін ипотека бойынша  Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржылық қолдау жасауға әзір. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҰБ басшысы Ерблат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің стандартты талабы - 20 жыл, ставка - 2 пайыз. Банк бізге қосымша көмек бойынша өтінім жасаған жоқ. Әзірге, өздерінің жеке қаржысы есебінен еңсеріп келеді. Алайда қажеттілік болса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қолдауға әзірміз», - деді Е. Досаев депутаттар сауалына жауап бере отырып.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымық даму министрігінің мәліметінше, аталған ипотека 2 пайызбен 20 жылға беріледі. Бұл бағдарламада бастапқы жарна 10 пайыз деңгейіне.

Бұдан бұрын көпбалалы отбасыларға  2 пайыздық ипотека беру биыл басталатыны хабарланған еді.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, құжат тапсыру кезінде әрбір отбасы тұрып жатқан қаласындағы әкімдігіне барып, «Көпбалалы отбасы», «Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп жатқан отбасы», «Толық емес отбасы» санаттары бойынша кезекке жолдама алады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT