Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ұлт болып сақталып қалу жолында жастарға артылар жүк ауыр - Жансейіт Түймебаев

2018 жылғы 7 маусым 16:25 839
Бөлісіңіз:
Ұлт болып сақталып қалу жолында жастарға артылар жүк ауыр - Жансейіт Түймебаев

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік педагогикалық университетінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев студент жастармен кездесті. Аймақ басшысы басқосуда болашақ маман иелеріне «Рухани жаңғыру: жастар және тарихи тағылым» тақырыбында лекция оқыды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Айтулы шараға жоғары оқу орнының оқытушылары мен жас ғалымдар, студенттер  және БАҚ өкілдері, жалпы саны 400-ге жуық адам қатысты.


Ұлт болып сақталып қалу жолында жастарға артылар жүк ауыр - Жансейіт ТүймебаевКездесуде өңір басшысы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіріп, жастармен пікір алмасты. Қоғамдық сананы жан-жақты және түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ұлттық жобаның ұсынылуы -ел дамуының тарихи кезеңіне сай маңызды шешім болғандығын атап өтті. 


Ұлт болып сақталып қалу жолында жастарға артылар жүк ауыр - Жансейіт Түймебаев«Мемлекет басшысы: «Санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», - деп нақты міндет қойды. Президент қазақстандық жастардың тәрбиесіне үнемі назар аударып келеді. Оның айғағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ең маңызды міндеттердің бірі адами капитал сапасын жақсартуға басымдық бергендігі. Ең бірінші әрбір азамат өз тілін білуі қажет. Сондай-ақ, Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр.  Оның бірі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі - алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея - болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

  
Ұлт болып сақталып қалу жолында жастарға артылар жүк ауыр - Жансейіт Түймебаев Басқосу барысында студент жастар облыс басшысына толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Сұрақтар негізінен  цифрлы Қазақстан, латын әліпбиіне көшу сынды өзекті мәселелерді қамтыды. Өз кезегінде Жансейіт Қансейітұлы қазақ дипломатиясының жетістігі мен түркология ғылымының жарқын болашағы   тақырыбында сөз қозғады.  Ұлттық бағдарламаның маңызды тұстарына тоқталды.

«Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар, төрден орын алып жатыр. Тырыспағандар есікте қалып жатыр: еcікте қалмай, бірге тырмысалық», - деген. Демек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы - ауқымы аса кең және жүйелі түрде, тынымсыз жұмыс істеуді, аса жоғары жауапкершілікті талап етеді», - деп қорытындылады облыс әкімі.

Игі шара соңында аймақ басшысына  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Оңалбай Аяшев ЖОО-ның профессоры атағын беріп, арнайы  мантияны кигізді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT