Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

«Торғай-Петролеум» АҚ жауапкершілікке тартылды

2019 жылғы 12 шілде 17:27 1520
Бөлісіңіз:
«Торғай-Петролеум» АҚ жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Торғай-Петролеум» АҚ-ы мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Торғай-Петролеум»  АҚ-ы мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС-ға  қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізді. Тексеру барысында аталған ұйымдар радиоактивті қалдықтармен, иондаушы сәулеленуді генерациялайтын құрылғылар және қондырғылармен, радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтыны анықталды», - делінген хабарламада.

Тексерудің нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT