Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Текеліде қайырымды жандар 7 баласы бар мүгедек отбасыға баспана сыйлады

2019 жылғы 4 шілде 01:40 670
Бөлісіңіз:
Текеліде қайырымды жандар 7 баласы бар мүгедек отбасыға баспана сыйлады

ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат - Қайырымды жандар Алматы облысының Текелі қаласында 7 балалы отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

«Фирма СМР» ЖШС компанияның басқарушы директоры Жанболат Пржанов 4 бөлмелі баспананың кілті мен үйдің құжаттарын отағасы Сизиков Александрға табыстады.

«Осындай отбасыға көмек қолын созып, олардың бақытты жүздерін көру мен үшін үлкен қуаныш. Мүмкіндік барда мұқтаж жандарға көмектесу керек. Барша кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарды осындай игі істер жасауға шақырамын», -деді ол.

Көптен күткен баспаналарына қол жеткізген Сизиков Александр І топтағы мүгедек. Ол жұбайы Мельникова Натальямен 7 баланы асырап отыр. Наталья ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап күйеуінің жеке көмекшісі болып тіркелген. Сондай-ақ, мүгедектік бойынша, көпбалалы ана ретінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Жалдамалы үйлерде тұрып келген отбасы демеушілерге шексіз алғыстарын жеткізді. Қоныс иелерін құттықтай келген Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

«Бұл біздің қалада кәсіпкерлердің қолдауымен сыйланған үшінші үй. Сондай-ақ, республикалық және облыстық бюджеттен көпбалалы отбасыларға үй сатып алу үшін арнайы қаражат бөлінген. Бүгінде бірнеше үй сатып алынып, құжаттары рәсімделуде. Жалпы, Текеліде 415 көпбалалы отбасылар тіркелген. Оның 170-і үйге мұқтаж болса, 96 отбасы кезекте тұр. Жақын күндері осы кезек бойынша үй беріле бастайды. Бұл бағытта жұмыс әлі де жалғасады» -деді Б. Өнербаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT