Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Татарстанда қазақстандық тауарлар саудаланбақ

2019 жылғы 1 мамыр 05:22 1189
Бөлісіңіз:
Татарстанда қазақстандық тауарлар саудаланбақ

ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазан қаласында «Ресей - Ислам әлемі: KazanSummit-2019» ІХ Халықаралық экономикалық саммиті аясында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Атамекен ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Миссия шеңберінде қазақстандық компаниялар ресейлік әлеуетті серіктестерімен кездесіп, тауар айналымы бойынша келісімдер жасалды.

Сауда-экономикалық миссияға қатысушылардың арасында - жүгері таяқшалары мен жарма өнімдерін шығарушы қарағандылық компания «Income company» ЖШС бар. Компанияның өнімдері Қазақстанның барлық қалаларында сатылымда, енді қарағандылық кәсіпкерлер Ресей нарығына шығуды көздеп отыр.

«Income company» ЖШС өкілдерінің пікірінше, Қазан қаласы көрші ел нарығында бизнес бастау үшін қолайлы қала.

 «Жер картасына қарайтын болсақ, Қазан қаласы Ресейдің бірнеше басты магистралі торабында орналасқанын көруге болады. Осы жерден Мәскеуге, елдің батысына және басқа да маңызды бағыттарға шығуға болады», - деп жоспарымен бөлісті «Income company» ЖШС өңірлік даму жөніндегі жетекшісі Рустам Нафиков.

Қазанда өткен келіссөздер соңында 4 ресейлік дистрибьютерлік компания қазақстандық компаниямен келісімшарт жасауға дайындығын білдірді. Осы келісімдерден соң қарағандылық өнім жергілікті сауда нүктелерінде сатылымға қойылмақ.  

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT