Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Талғарда тұрғындар әйелге зорлық көрсетуге әрекеттенген күдіктіні ұстауға көмектесті

2019 жылғы 4 шілде 12:27 535
Бөлісіңіз:
Талғарда тұрғындар әйелге зорлық көрсетуге әрекеттенген күдіктіні ұстауға көмектесті

ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Алматы облысында жергілікті тұрғындар жас әйелге зорлық көрсетуге оқталған күдіктіні ұстауда полицияға  көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Талғар қаласында 3 шілдеге қараған түні қала көшелерінің бірінде болған. Белгісіз адам 30 жастағы әйелге күш көрсетіп, зорламақшы болған. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар әйелдің айқайлаған дауысын естіп, оқиға орнына полиция шақырған. Із суытпақ болған күдіктіні ұстауға көмектескен.

«Қолға түскен 44 жастағы азамат қала іші мен қала маңындағы елді мекендер арасында жолаушы тасымалдаумен айналысқан такси жүргізушісі болып шықты.  Қазір зорлық көрсетуге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Талғар ауданының полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде» - деп мәлімдеді  Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сол түні Талғар ауданында осыған ұқсас тағы бір оқиға орын алып, белгісіз біреу 19 жастағы қызға шабуыл жасаған. Қыздың қатты айқайы мен тегеурінді қарсылығы күдіктінің арам ойын іске асыруға кедергі келтірген. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары оны анықтап, 1991 жылғы көрші ауылдың тұрғынын полиция басқармасына жеткізді.

«Күдіктінің жергілікті психо-наркологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Ұсталған азамат медициналық мекемеге орналастырылды. Бұл  факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деп толықтырды полиция өкілдері.

Ұсталған екі азамат та бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Дегенмен, Талғар ауданының полициясы олардың жақын аудандарда орын алған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтайтын болады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT