Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр

2019 жылғы 9 шілде 13:38 1971
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр

  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 5 күн бұрын суға ағып кеткен 2004 жылғы Айнагүл Сқақбай Нұржанқызын іздеу жұмыстары жалғасуда.  Қазір жасөспірімді іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іздеу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 120 адам жұмылдырылды. Оған қоса еріктілер мен әскерилер барлығы 300-ге жуық адам қыз баланы іздестіріп жатыр. Олар Қаратал өзенінің арнасын бұрып іздеді. Өзеннің  62 шақырым жағалауы толықтай тексерілді. Сүңгуірлер де іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге қыз бала табылмады», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткен. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған.


Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр  
Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр 
Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр 
Талдықорғанда суға аққан қыз 5 күннен бері табылмай жатыр 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қоғам, Алматы облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT