Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Талдықорғанда өз-өзін пышақтаған адам аман қалды

2019 жылғы 9 шілде 13:17 492
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда өз-өзін пышақтаған адам аман қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Талдықорғанның полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған 33 жастағы азаматты өлімнен аман алып қалды. Қазір мойны мен қолын пышақтап үлгерген адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өмірімен қоштасқысы келген азамат денсаулығына байланысты психикалық диспансерде тізімде тұрғаны  анықталды.  Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілде күні  учаскелік полицейлерге ер азаматтың өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден учаскелік полицей Алмас Ақышев пен Берік Искаков, командир Марат Абылхамитов жеткен.

«Қолында ас  үй пышағы мен от жаққыш затты газ балонның жанында  ұстаған азаматтан полицейлер қауіпті заттарды алып үлгерді. Бірақ психикалық ауытқуы бар адам мойны мен қолына бірнеше пышақ жарақатын салып үлгерген. Тәртіп сақшылары бірден жедел-жәрдем шақырып, қансыраған ер адамды дәрігерлердің қолына тапсырды. Қазір науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ол дәрігерлердің бақылауында», деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға Талдықорғандағы балалар үйінің тәрбиеленушілері тұратын жатақханада болған. Қазір 33 жастағы азаматтың не себепті суицидке әрекеттенгені бойынша терсеру жүргізіп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT