Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Талдықорғанда мас жүргізуші көлігімен тұрғын үйге кіріп кетті

2019 жылғы 3 шілде 19:07 560
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда мас жүргізуші көлігімен тұрғын үйге кіріп кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда мас жүргізуші көлігімен тұрғын үйге кіріп кетті. Қазір сараптама қорытындысына сәйкес  жалғыз басты ананың үйі апатты деп танылған. Ал таңғы үште көлігімен үйге кіріп кеткен адам тек бүлдірген жерді ғана қалпына келтіретінін жеткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір жалғыз басты Аида Базылбаева жарты қабырғасы жоқ үйде бірінші топтағы мүгедек баласымен тұрып жатыр.

«Ішіп алған байдың жас балалары не істеп, не қойғандарын өздері білмейді. Аяқтарынан тұра алмай тұрған балаларға наркология ішімдікті жеңіл түрде ішкен деп жазып  берген. Неге? Беретіндерін берген шығар, жабатын ауызды жапқан шығар. Содан кейін олар тайраңдап жүр қазір. 12 күн болды, міне,  мен мүгедек баламмен жарты қабырғасы жоқ  үйде тұрып жатырмын. Ешкімнен ешқандай көмек жоқ. Ертең ол бұзған жерін жасап береді. Ал көліктің соққысынан үйдің барлық қабырғалары жарылған. Ертең үйіндінің астында қаламыз ба деп қорқамын», - деді Аида Базылбаева.

Талдықорғанда мас жүргізуші көлігімен тұрғын үйге кіріп кетті 

Ал осы оқиға бойынша  қазір тек әкімшілік іс қозғалыпты.

«ҚР ӘК 608-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Яғни, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару дерегі бойынша іс материалдары сотқа жолданды», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Талдықорғанда мас жүргізуші көлігімен тұрғын үйге кіріп кетті 

«Талдықорған қаласының әкімдігі де көмек көрсете алмайтындарын жеткізді» деген Аида Базилбаева  қазір шарасыз күйде отырғанын айтады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT