Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Талдықорғанда балаға қол көтерген тәрбиешіге қылмыстық тергеу басталды

2019 жылғы 5 шілде 14:20 621
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда балаға қол көтерген тәрбиешіге қылмыстық тергеу басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда балабақша тәрбиеленушілеріне қол көтерген тәрбиешінің үстінен қылмыстық тергеу басталды. 24 жастағы әйел адам қазір арнайы қолхатпен босатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәрбиешінің балаларға қол көтерген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға Талдықорған қаласындағы жекеменшік «Кішім апа» балабақшасында болған.

«Қазір балаға қол көтеру дерегі бойынша ҚР ҚК 141  бабына сәйкес  қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалған. Іспен Талдықорғанның полицейлері айналысуда. Тергеу барысында 24 жастағы тәрбиешіге ешқайда кетпеуі жөнінде ескертіліп,  арнайы қолхат берілді», - деп мәлімдеді Алматы  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Іс материалына сәйкес, аталған факті бойынша тәрбиешінің үстінен екі ата-ана шағым түсірген.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT