Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.91 EUR 416.85
RUB 6.10 CNY 54.77
Jańalyqtar

«Сочи» клубы қазақстандық футболшының Ресей азаматы атануына пікір білдірді

2019 жылғы 12 шілде 21:07 283
Бөлісіңіз:
«Сочи» клубы қазақстандық футболшының Ресей азаматы атануына пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сочи» футбол клубы мен Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Акмаль Бақтияров Ресей премьер-лигасының жаңа маусымында Ресей азаматы ретінде тіркелген. ҚазАқпарат тілшісіне ресейлік клуб мұны техникалық қателік екендігін айтты.

«Сочи» футбол клубының 10 шілде күні жариялаған жазбасында Акмаль Бақтияров Ресей азаматы ретінде таныстырылған. Бірақ, клубтың баспасөз хатшысы Александр Груднев  ҚазАқпарат тілшісіне мұны техникалық қателік деп қарастыру керектігін айтты.

«Бұл техникалық қателік. Себебі, қазір Ресей премьер-лигасының сайтына бір күнде бірнеше ақпарат салынады. Бір техник қателесіп жазған болуы тиіс. Мұны дұрыстаймыз», - деп атап өтті А.Груднев.

Айта кетсек, Акмаль Бақтияров жаңа маусымды «Сочи» сапында бастайды. Бірінші ойынын 13 шілде күні «Арцах» клубына қарсы өткізеді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT