Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО: Орман шаруашылығының директорына 6,7 млн теңге айыппұл салынды

2019 жылғы 10 шілде 14:02 485
Бөлісіңіз:
СҚО: Орман шаруашылығының директорына 6,7 млн теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында сот орман шаруашылығының директорына 6,7 млн тенге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Соколов орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М. Құрманғалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады», - делінген хабарламада.

М. Құрманғалиев  жалпы көлемі 600 текше метр болатын ағаштарды кесіп, тасып әкетуге құқық беретін құжаттарды еш кедергісіз ресімдеу үшін жекеменшік компанияның директорынан 396 мың теңге мөлшерінде пара алған.

2 шілде күні Қызылжар аудандық сотының үкімімен М. Құрманғалиевке 6 млн 750 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот айыппұлды төлеу мерзімін 2 ай деп белгіледі. Егер айыппұл төленбесе, ол бас бостындығынан айыру жазасымен ауыстырылады.

Бұдан бөлек, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT