Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-ның полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 84 адамды тапты

2019 жылғы 10 шілде 17:53 521
Бөлісіңіз:
СҚО-ның полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 84 адамды тапты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан адамның жоғалуына қатысты 88 деректі тіркесе, оның 84-інде іздеудегі адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарсыз кеткен 58 адам бір тәуліктің ішінде табылған. Көп жағдайда ішкілікке салынған маскүнемдер жоғалады. Әдетте тәртіп сақшылары оларды көңіл көтеру орындарынан немесе «достарының» арасынан табады екен.

Облыста жыл басынан кәмелет жасына толмаған 16 жасөспірімге іздеу жарияланды. Балаларды тез арада табу үшін ювеналдық полицейлер мен учаскелік инспекторлар да жұмылдырылады. Жасөспірімдердің араласатын құрбылары, жиі болатын жерлері тексеріледі. Нәтижесінде барлық бала кезекші тәулік ішінде табылып, ата-анасына табысталды.

«Ұмытшақтықпен ауыратын адамдарды іздеуде қиыншылықтар туады. Өйткені олардың жүріс-тұрысын болжап болмайды. Соған қарамастан біз іздеуді тоқтатпаймыз», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Қазіргі таңда Петропавл полицейлері 1954 жылы туған Елена Александровна Найфты іздестіруде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әйел қаланы дұрыс білмейді, ішінара есте сақтау қабілетінен айырылған. Облыс орталығына ем қабылдау үшін былтыр мамыр айында келген екен. Туысының пәтерінен шығып кеткен одан әлі күнге хабар жоқ. Бойы 168 см, арықша келген, ұзын жирен шашты. Сол күні басында қара берет, үстінде ақшыл түсті күрте және ұзын жасыл көйлек болған.

Полицейлер жоғалған әйел туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 102 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.
СҚО-ның полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 84 адамды тапты 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT