Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да әкімшілік жазаға тартылған 37 жұмыс беруші 6 млн-нан астам теңге айыппұл төледі

2019 жылғы 10 шілде 11:50 385
Бөлісіңіз:
СҚО-да әкімшілік жазаға тартылған 37 жұмыс беруші 6 млн-нан астам теңге айыппұл төледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік инспекторлар 37 кәсіпорынды тексеріп, заңбұзушылыққа жол бергені үшін оларға 6 млн-нан астам теңге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, 37 кәсіпорынды тексеру барысында еңбекақы бойынша қарыздың 702,3 млн теңгеге жеткені анықталған. Бүгінде 6 мыңға жуық жұмысшы 650 млн теңге шамасында жалақысын алды. Ал қарыздың өсуіне жол берген жұмыс берушілер әкімшілік жауапқа тартылды.

«СҚО-да еңбекақыны бермеу, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді уақытында аудармау бойынша бірқатар мәселелер бар. Біздегі және қала мен аудандар берген мәлімет бойынша қазір 7 кәсіпорынның 461 қызметкері алдындағы қарызы 95 млн теңгеге жеткен. Оның 57,6 млн теңгесі Петропавл қаласына тиесілі», - дейді СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жетекшісі Қайрат Пішенбаев.

Мамандардың айтуынша, «Казградстрой НС»  ЖШС-і ғана өз жұмысшыларына 53,6 млн теңге қарыз. 2662 төлеуші зейнетақы қорына 467,2 млн теңге аударым жасауы керек. Міндетті әлеуметтік төлемдер бойынша 1904 кәсіпорынның берешегі 230,8  млн теңгеге жеткен.

«Бұл мәселелер азаматтардың көңіл-күйіне кері әсер етіп, әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне әкеледі. Халықтың еңбек құқықтарының сақталуы біздің үнемі бақылауымызда», - дейді мемлекеттік инспекторлар.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT