Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО әкімі тұрғындарды «конверттегі жалақы» туралы ақпарат беруге шақырды

2019 жылғы 10 шілде 03:38 424
Бөлісіңіз:
СҚО әкімі тұрғындарды «конверттегі жалақы» туралы ақпарат беруге шақырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында орташа еңбекақы мөлшері республика бойынша соңғы орындарда, осыған орай әкімдіктің отырысында нақты секторда еңбекақыны көтеру мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде республикамен салыстырғанда халық табысы 30 пайызға төмен. Дегенмен, жыл басынан бері 140 мың солтүстікқазақстандықтың еңбекақысы өсті. Оның 48 мыңы - бюджеттік сала қызметкерлері. Алғашқы тоқсанда еңбекақы 10 пайызға ұлғайып, 113 мың теңгеге жетті. Алайда аграрлық, құрылыс және өнеркәсіп салаларында еңбекақы мөлшері өте төмен.

«Құрылысшылар бізде орта есеппен 125 мың теңге еңбекақы алса, республикада бұл көрсеткіш 214 мың. 2 есе аз. Біздегі құрылыстың 70 пайызы бюджеттікі, ақша бөлінеді. Яғни, жұмыс берушілер құрылыс материалдары мен еңбекақыға берілген ақшаны  үнемдеп отыр. Облыс тұрғындарын төмен еңбекақы, «конверттегі жалақы» туралы анонимді түрде хабарлауды сұраймын», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы кәсіподақтар жұмысына да сын айтты. Ұжымдық келісімшарт өз нәтижесін берер емес. Осы мәселелер халықтың табысын арттыруға арналған ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылады. Өңір басшысы жергілікті атқарушы органдардың басшыларының әрқайсысына өз деңгейінде осындай комиссия құрып, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстайды тапсырды.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT