Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкенттің орталық алаңына заңсыз шеруге шыққан арыстықтардың 90 пайызы тарады

2019 жылғы 27 маусым 19:37 795
Бөлісіңіз:
Шымкенттің орталық алаңына заңсыз шеруге шыққан арыстықтардың  90 пайызы тарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталық алаңына заңсыз шеруге шыққан арыстықтардың  90 пайызы тарады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қалаға келушілердің айтарлықтай өскені байқалады. Цифрлар мынадай, Арыс қаласы тұрғындарының 97 пайызы Шымкентте зардап шегуші ретінде тіркелген. Бүгін таңертеңгі сағат 9-0-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласындағы эвакуациялық бекеттерге 39 400 азамат тіркелген. Бұл кешегі деректерден 12 609 адамға көп.  Бір тәулікте эвакуациялық бекеттерге орналастырылған зардап шегушілердің саны 33,8 пайызға артып, 10 626 адамды құрады. Келіп жатқан адамдардың үлкен тобын басқару барған сайын қиындай түсуде. Мемлекеттік органдар, бизнес, қала тұрғындары мен өзге өңірлерден келген еріктілер қолдарынан келгенше көмектесуде, зардап шекендерді қонатын жермен, сумен, тамақпен, киім-кешекпен және өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етуге тырысуда",  - деп жазады әкім орынбасары.

Оның жазуынша, қала әкімдігінің барлық қызметкерлері зардап шегушілерге көмекке жұмылдырылған.

"Қалаға келгендердің бір тобы Шымкенттен баспана мен жер учаскесін беруді талап етіп отыр. Бүгін Арыстың зардап шеккен тұрғындарының атынан бір топ еркек пен әйел рұқсат етілмеген шеруге шығып, көліктердің қозғалысына кедергі келтірді. Олар айқайлап, өтіп бара жатқан адамдардың үрейін ұшырды, қалалықтардың мазасын алды. Шерушілердің тарапынан жекелеген агрессивті қылық та байқалды", - деді ол.

Данат Жуминнің атап өтуінші, шеруге шыққандарға құқық қорғау органдары жаппай күш қолданған жоқ. Дегенмен,  ахуал құқық қорғау органдарының жіті бақылауында болған және олар айта қоярлықтай құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеген.

"Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов  шерушілермен екі рет кездесіп, қойылған сұрақтар мен талаптарға жауап берді. Бастапқыда Орталық мешітте, одан кейін қаланың орталық алаңында.  Қазіргі уақытта шерушілердің 90  пайызы тарады. Алаңда шағын ғана адамдар тобы қалды.  Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды өтінемін. Бізде қаланың және оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті бұзушылар тарапынан  кез келген заңға қайшы әрекеттерді тыюға ресурс жеткізілікті. Бүгін Түркістан облысының әкімі ертең Арыс қаласы тұрғындардың үйлеріне оралуы үшін ашық болатындығына сендірді. Ертең таңертеңгі 06-00-ден бастап автобустар адамдарды Шымкенттен шығара бастайды", - деді қала әкімінің орынбасары.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT