Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте жеті метрлік «Домбыра» ескерткіші орнатылды

2019 жылғы 5 шілде 12:57 1041
Бөлісіңіз:
Шымкентте жеті метрлік «Домбыра» ескерткіші орнатылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Домбыра» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қасиетті қара домбыра - қазақтың рухы және болмысы екенін атап өтті.

«Түркістан» сарайының алаңында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында орнатылған ескерткіштің авторы - Шымкент қаласының суретшілер одағы. Туындының биіктігі 7,5 метр, ені 1,5 метр.

Ескерткіштің бір ерекшелігі - жанына жақындаған кезде қазақтың күйі орындалады. Шымкенттіктер енді мұнда 30-ға жуық күй тыңдап, аспаптың қоңыр үнінен тамаша әсер ала алады.

Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар сан сырлы күй әуенімен тыңдармандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шымкентте жеті метрлік «Домбыра» ескерткіші орнатылды 

Еске салсақ, Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін   «Домбыра күні» деп белгілеп, 2018 жылы  13 маусым күні жарлыққа қол қойған болатын.


Шымкентте жеті метрлік «Домбыра» ескерткіші орнатылды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Шымкент, Мәдениет, Әкімдік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT