Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Шымкентте кәсіпкер мен оның әйелін өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

2019 жылғы 2 шілде 02:40 679
Бөлісіңіз:
Шымкентте кәсіпкер мен оның әйелін өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте кәсіпкер мен әйелін өлтірген 28 жастағы айыпталушы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты марқұмдардың жүргізушісі болып істеген жігітті  25 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол Қылмыстық кодекстің үш бабымен сотталған. «Айыпталушы Ерсұлтан Құлахметов Қылымыстық кодекстің 287-бабы 3-і бөлігі,  99 баптың 2-ші бөлігі 1 және 8 тармағы, 192 баптың 3-ші бөлігі 2-ші тармағы бойынша кінәлі деп танылған.  Енді жазасын қауіпсіздігі барынша  қатаңдатылған түзеу мекемесінде өтейтін болады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте кәсіпкер мен әйелін өз үйінде өлтіріп кеткенін және күдікті қылмыскердің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сот, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT