Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте энергетикалық сусындар шығаратын зауыт ашылды

2019 жылғы 20 маусым 21:16 1333
Бөлісіңіз:
Шымкентте энергетикалық сусындар шығаратын зауыт ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан зауыттың өзіндік  құны 1 млрд теңге. «Болашақ-7» ЖШС өнімнің он төрт түрі бойынша 35 млн дана сусын мен шырын шығаруды жоспарлап отыр.

Жаңа нысанның ашылуына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов серіктестіктің жұмысымен танысып, жұмысшылармен тілдесті. Алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шымкентте энергетикалық сусындар шығаратын зауыт ашылды 

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Шикізатқа өңіріміздің өнімдері қолданылады. Айта кетейік, жаңа кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылып отыр.

«Зауыт өнімдері Шымкент қаласымен қатар Қазақстанның басқа өңірлеріне, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне экспортталатын болады. Бұл ретте халықаралық дәліз жолы, басқа да тасымал құралдары кеңінен пайдаланылмақ», - делінген ақпаратта.


Шымкентте энергетикалық сусындар шығаратын зауыт ашылды 
Шымкентте энергетикалық сусындар шығаратын зауыт ашылды 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT