Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкентте 1200 орындық жекеменшік мектеп ашылды

2019 жылғы 5 шілде 16:53 799
Бөлісіңіз:
Шымкентте 1200 орындық жекеменшік мектеп ашылды

АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында  жекеменшік  жаңа мектеп пайдалануға берілді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай жаңадан салынған білім мекемесіне ұлы ақынның есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ұясының ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Жаңа мектепте  балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңа жүйесі бойынша осындай жекеменшік салынған мектептерге мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Бүгінде бұл жүйеге қаладағы бірқатар мектептер көшкен. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында қаладағы 11 жекеменшік мектептің 4200 оқушысы мемлекеттік сатып алу аясында қаржыландырылған.


Шымкентте 1200 орындық жекеменшік мектеп ашылды 
Шымкентте 1200 орындық жекеменшік мектеп ашылды 
Шымкентте 1200 орындық жекеменшік мектеп ашылды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Шымкент, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT