Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Шымкент қаласының әкімдігі Арыстағы 694 үйді қалпына келтіреді

2019 жылғы 3 шілде 05:44 692
Бөлісіңіз:
Шымкент қаласының әкімдігі Арыстағы 694 үйді қалпына келтіреді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов Арықа барып, қаланы қалпына келтіру штабында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, ондағы жөндеу жұмыстарына республиканың 16 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 170 арнайы бригада тартылып отыр. 1194 құрылысшы жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Олар тұрғын үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізіп, 435 үйді қайта қалпына келтіруде.

«Шымкент қаласына 10 сектор бөлінген, онда 694 үй бар. Олардың сметасы толық жасалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстары менің тұрақты бақылауымда, ол алдағы бір айда толық аяқталатын болады», - деді Ғабидолла Əбдірахымов.

Еске салсақ, Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен. 27 үй толықтай қайтадан салынады.Бүгінде  жарамсыз күйге түскен және зақым келген үйлерді тіркеу, шығынын есептеу шаралары жүйеленуде. Әрбір облыс, әрбір аудан, қалам әкімдіктері өздеріне бөлінген аумақта жұмысты бастады. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT