Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ШҚО-да 38 мың бюджеттік сала қызметкерінің жалақысы өседі

2018 жылғы 7 желтоқсан 20:46 10050
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 38 мың бюджеттік сала қызметкерінің жалақысы өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы ШҚО-дағы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға өседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«2019 жылдан бастап облыста бюджеттік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы орташа алғанда 35 пайызға өседі», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұл ретте, облыстың 16 ірі кәсіпорны өз қызметкерлерінің жалақысын өсірген.

Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және тұрғындардың табыс деңгейінің өсірілуінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру үлкен рөл атқарып отыр.

3 жылдың ішінде «БЖК» бойынша облыста 15,6 млрд. теңге сомасына 793 жобаға қолдау көрсетілді. 2025 жылға дейін кәсіпкерлердің несиелерін арзандату және кепілдендіруге 15 млрд теңге бөлу жоспарлануда. «Ақ ниет» жеңілдікпен несиелендіру облыстық бағдарламасы бойынша 2,7 млрд теңгеге 50 жоба қаржыландырылған. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT