Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сауль Альварестің бапкерлерінен тәлім алған: Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы кім

2019 жылғы 12 шілде 07:44 661
Бөлісіңіз:
Сауль Альварестің бапкерлерінен тәлім алған: Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы кім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) рингке 27 шілдеде оралады. Ол Арлингтондегі (АҚШ, Техас штаты) College Park Center аренасында жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш сайттың Boxrec.com мәліметтеріне сүйене отырып таратқан ақпараттарына қарағанда, Данияр Елеусіновтің қарсыласы «Тышқан» деген лақап атпен белгілі 26 жастағы Оскар Кортес (27-4, 14 КО). Ол өзінің рекордынан бөлек Сауль Альварестің жеке промоутерлік компаниясы Canelo Promotions-тің клиенті болғанын және танымал боксшының бапкерлері Хосе мен Эдди Рейносоның қол астында жатыққанын мақтан ете алады.   

Данияр Елеусіновтің қатысуымен болатын бокс кешінің хедлайнерлері бірінші жартылай салмақтағы Хосе Карлос Рамирес (24-0, 16 КО) пен Морис Хукер (26-0-3, 17 КО). Олар WBC мен WBO тұжырымдары бойынша чемпион атағын сарапқа салады.   

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT