Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты

2019 жылғы 15 қаңтар 18:20 1211
Бөлісіңіз:
Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддер қаласында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Көшбасшы болғың келсе, менен сұра» атты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясының бір тармағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын қамтиды. Сол кіші бағдарлама аясында  Риддер қаласында «Отаным - тағдырым» - «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» атты жоба желкенін керді.
Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты 

Жергілікті №1 мектепте өткен шараға әкімдік өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының қызметкерлері қатысып, жастарға көшбасшылықтың қыр-сырын ұқтырды.

30-ға жуық жігерлі жастың басын қосқан шарада үш түрлі шеберлік сағаты ұйымдастырылды.  «Шешендік негіздері», «Топтық жұмыс», «Креативті ойлау» тақырыбында өткен семинарда көшбасшылыққа ынталы жастар өз бойларында бұғып жатқан игі қасиеттерді оятып, дамытудың тәсілдерін меңгерді. «Сатылым уақыты» деген атпен өткен іскерлік ойыны сауданы сауатты жүргізуге баулыса, «Өз ойым бар»  пікірталас клубы тың ойлардың түр-түрін туғызды.
Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты 
Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты 

«Қала жастары үшін бұл шараның маңызы зор. Тұтас ұлттың бәсекеге қабілетті болуы әрқайсымыздың адами қасиеттерімізге тікелей байланысты. Сондықтан, өркениетті қоғам құруға қауқарлы ұлт қалыптастыру үшін жас буынды қырандай баптап, балапандай баулуымыз қажет. Бүгінгі жастың бойында кәсіби көшбасшылық пен жеке адами қасиеттер үйлесім таба білуі шарт. Өткізген шарамыз сол үйлесімге жол ашатын жаттығулар мен ойындарға толы болды» - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Дүкенбаева.
Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты 

Шара соңында белсенділік танытқан қатысушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.
Риддерде болашақ көшбасшылар бас қосты 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT