Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Премьер-Министр Арыстағы мектепке барды

2019 жылғы 11 шілде 09:41 807
Бөлісіңіз:
Премьер-Министр Арыстағы мектепке барды

 АРЫС. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы 300 орындық мектепке барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.      

Үкімет басшысы бас сұққан білім ошағы 300 балаға шақталған.  Аумағы 2,5 гектарды алып жатқан мектепте 115 адам жұмыс істейді. Оның 42-сі кіші персоналға жатады. Премьер-Министрге білім ошағының қыста дизельмен жылытылатыны айтылды.


Премьер-Министр Арыстағы мектепке барды 
Сондай-ақ, Асқар Мамин «Көктем-2» шағын ауданындағы 3 көпқабатты үйді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Былтыр ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген үшқабатты үйлерден 108 пәтер жарылыс кезінде бүлінген болатын. Жөндеу жұмыстарына Павлодар облысынан келген 100 жұмысшы тартылған.

Премьер-Министр Арыстағы мектепке барды 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT