Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Polpharma компаниялар тобы Шымкентте оқу орталығын ашады

2019 жылғы 4 шілде 17:35 658
Бөлісіңіз:
Polpharma компаниялар тобы Шымкентте оқу орталығын ашады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Polpharma компаниялар тобы бақылау кеңесінің президенті Ежи Старак Қазақстандағы жаңа бастамалары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінде сөз алған Ежи Старак Шымкент қаласында оқыту орталығын ашатынын мәлім етті.

«Біз - Қазақстанның «Цифрлық инудстрия 4-0» бағдарламасына қатысқан тұңғыш әрі жалғыз фармацевтикалық модельдеу фабрикасы болып отырмыз. Биыл Шымкентте инженерлік оқу орталығын ашу бойынша жаңа бастаманы қолға алдық», - деді Ежи Старак.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш орталық өндіріс процестерін пысықтайтын жаттығу алаңына айналуы тиіс. 

«Аталмыш орталық үш өлшемді принтерлермен жабдықталған. Соның арқасында қосалқы бөлшектермен қамту мәселесі өздігінен шешілген. Қызметкерлермен студенттер бұл орталық базасында «толықтырылған шындық» технологиясын қолдана отырып, біліктілігін арттыратын болады.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарды еңбек нарығында еңбекке қабілетті етіп баулу туралы 2019 жылы жүктеген тапсырмаларын толықтай қолдаймыз», - деді ол.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT