Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Петропавлда зейнеткерлерді алдап, мүлкін иеленіп келген әйел ұсталды

2019 жылғы 9 шілде 17:36 636
Бөлісіңіз:
Петропавлда зейнеткерлерді алдап, мүлкін иеленіп келген әйел ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда тәртіп сақшылары жалғыз басты зейнеткерлерді алдап, ақша мен дүниесін қолды еткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығының бірнеше зейнеткері алаяқтық пен ұрлық фактілері бойынша полицияға арызданыпты. Қылмыс жасалған сәтте егде жастағы адамдар үйлерінде жалғыз болған. Барлық жағдайда да оларға бейтаныс әйел келіп, өзін  «алыс туысқанмын» деп таныстырған. Сенімге кірген соң бағалардың қымбаттағаны жайлы әңгіме қозғап, арзан бағаға азық-түлік алып беретіндігін айтқан.

92 жастағы Ойқала ауданының тұрғыны іші-бауырына кірген қонағына өзінің жиған-терген 300 мың теңге ақшасын ұстатып жіберіпті. Ал «Черемушки» кентінің 79 жастағы тұрғынында қолда ақшасы болмағанын байқаған алаяқ, зейнеткердің 29 мың теңге тұратын ұялы телефонын қыстыра кетіпті.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің белгілерін бейнекамералардың көмегімен анықтады. Ол Солтүстік Қазақстан облысы аумағында криминалдық есепке алынбаған екен. Кейін Қостанай облысының тәртіп сақшылары ол әйелді осындай алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны анықталды.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысының 55 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол алаяқтық жасағаны үшін бұрын сотталып, Ресей Федерациясында жазасын өтеген. Айтуынша, жалғызбасты қарттар туралы мәліметті туыстарын іздеген болып, олардың көршілерінен алып отырған», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алмаз Жәкенов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған заттардың бір бөлігі қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT