Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Оралда дәріханада газ баллоншасын шашқан бұзақы қолға түсті

2019 жылғы 12 шілде 02:22 761
Бөлісіңіз:
Оралда дәріханада газ баллоншасын шашқан бұзақы қолға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда дәріханада газ баллоншасын шашқан бұзақы қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 шілде күні С.Тюленин көшесі бойында «Айгүл» дәріханасында орын алды.

Кейін анықталғанындай, 1982 жылғы М. есімді азамат дәрі-дәрмек сұраған болып, 1998 жылғы фармацевке қарата газ баллоншасынан химиялық затты шашқан. Фармацевт қарсылығын білдіргеннен кейін бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері дәріханадан бейнежазбаны алып, күдіктінің ізіне түсті. Бұзақы сол күні-ақ кешке қарай қолға түсті. Ол кінәсін толықтай мойындады.

Фармацевтің жоғары тыныс мүшелері химиялық сұйықтыққа күйіп қалған. Оған жедел медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT