Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды

2018 жылғы 5 қазан 13:16 8348
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, Отанымызды өркендету жолындағы олардың маңызын жіті түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болды. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді. Оған қосымша «Бес әлеуметті бастаманы» айттық. Бұл бастаманы ары қарай жалғастырып қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен, жаңа бағыттармен кеңейтуіміз қажет», - деді Президент.

Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау - мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін атап өтті.

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жариялады

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT