Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

«Nur Оtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы сайланды

2019 жылғы 10 шілде 16:58 866
Бөлісіңіз:
«Nur Оtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы сайланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Nur Оtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті. Онда делегаттар облыстық партия филиалының жаңа төрағасының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Республикалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа төраға болып сайланған Қуанышбек Ысқақовты құттықтап, оған куәлік табыс етті.

 «Қуанышбек Досмайылұлын жаңа жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтаймын. Ол - осы өңірдің тумасы, өз ісінің маманы, жауапты қызметтерді атқарған тәжірибелі басшы.  Қырымбек Елеуұлы Қызылорда облысының әкімі болып тұрған кезде көп еңбек атқарды, Сыр өңірін дамыту үшін, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлерді қолдау, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиемен қамтамасыз ету және өзге де маңызды мәселелер бойынша көп жұмыс істеді. Қуанышбек Досмайылұлы да  аймақтың әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуде  аянбай еңбек етеді  деп сенемін», - деді Б.Байбек.
«Nur Оtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы сайланды 

Айта кетейік, Қызылорда облысында 51333 мүшесі бар 245 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. 2018 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан  3196  өтініш түсіп, олардың  35,5 пайызы оң шешімін тапты. Ал ағымдағы жылдың  6 айында  1738 өтініш келіп түскен. Олардың 80 пайызға жуығы әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, жұмыспен қамту секілді мәселелерден  құралған. Осы өтініштердің 28,1 пайызы оң нәтижесін тапты.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылорда әкімі қызметіне Қуанышбек Ысқақов тағайындалған болатын.

 


«Nur Оtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы сайланды 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT