Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Непалдық кәсіпкер Шымкентте аквапарк салады

2019 жылғы 9 шілде 10:29 2033
Бөлісіңіз:
Непалдық кәсіпкер Шымкентте аквапарк салады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Непалдық миллиардер Шымкентте аквапарк салады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілерге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер де аквапаркке тоқталсақ, бұл жоба бойынша жұмыстар басталды. Инвесторларды іздестіру кезінде Шымкентке Непалдан миллиардер келді. Ол біздегі осы жобаға қызығушылық танытып отыр. Қазіргі кезде оның компаниясы Дубайдағы аквапарктің жобалаушыларымен келліссөздер жүргізіп жатыр. Олар өздерінің командасымен 13 шілде күні Шымкентке келіп, үш күн бойы жобаны пысықтайды. Біз 100 гектар жерді бөлдік, ол жерде тиісті коммуникациялар бар», - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, аталған непалдық азамат Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тағы бір жобаны іске асыруға қатыспақ, яғни макарон өндіру бойынша кәсіпорынды ашу жұмыстарына кірісуге ниетті.

«Жалпы, жобаның құны 100 млн долларды құрап отыр. Оны іске қосуға екі жыл уақыт керек болады», - деді Ғ. Әбдірахымов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Құрылыс, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT