Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Медициналық құжаттардың 200-ден аса формасы электронды форматқа көшірілді

2019 жылғы 9 қаңтар 13:03 11072
Бөлісіңіз:
Медициналық құжаттардың 200-ден аса формасы электронды форматқа көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық форматқа көшіру аясында бастапқы медициналық құжаттаманың 62 формасын алып тастап, 221-ін электронды форматқа көшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама формаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Осылайша, қағаз жүзінде жүргізу қажеттілігі жоқтығына байланысты бастапқы медициналық құжаттамалардың 62 формасы алынып тасталған. Сондай-ақ, автоматтандыру мақсатында 12 форма біріктірілген.

«Медұйымдарда медициналық ақпараттық жүйе болған жағдайда 221 форма электронды форматта жүргізілетін болады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, аталмыш бұйрық Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT