Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2019 жылғы 10 шілде 14:44 1547
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен Мәкен Бақтияр Мәкенұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік қорғау, ішкі, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мәкен Бахтияр Мәкенұлы Алматы қаласында туған, 38 жаста. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген, сарапшы-аудитор.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Монтана-Миссула университетін тәмамдаған, мемлекеттік басқару магистрі (МРА).

2000-2009 жылдары жастар ұйымдарының басшылығында қызмет етті.

2009-2010 жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жоғары оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы.

2010-2012 жылдары - Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.

2012-2013 жылдары - Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының бастығы.

2013-2016 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT