Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Маңғыстау облыстық мәслиxатының xатшысы сайланды

2019 жылғы 8 шілде 19:23 596
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облыстық мәслиxатының xатшысы сайланды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс 29-сессиясында депутаттардың ұсынысымен мәслихат хатшысы болып Нұри Тұмышев сайланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұри Лазарұлы 1967 жылы Маңғыстау облысы Форт-Шевченко шаһарында дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген. Еңбек жолында лауазымды қызметтер атқарып, мол тәжірибе жинаған. Білім жоғары. 1992 жылы Алматы қаласындағы сәулетші-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.  1987-1998 жылдар аралығында «Энергоспецмонтаж» өндірістік бірлестігінің № 88 монтаждау-құрылыс басқармасында монтаждаушы, шебер, аға прораб, бас инженер болып жұмыс жасады.

1998 - 2001 жылдар аралығында «Гандикап» ЖШС Бас директоры.

2001 - 2002 жылдар аралығында «ҚазақОйлҚұрылыс» ЖШС Маңғыстау өңіріндегі өкілі.

2002-2003 жылдар аралығында «Батыс Құрылыс» ЖШС Маңғыстау облысындағы өкілі.

2003 - 2004 жылдар аралығында «ҚазМеталлСпрей» бірлескен қазақ-американ кәсіпорнының бас директоры.

2005 - 2006 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ «Теңіз Сервис» ЖШС бас менеджері.

2016 жылдан  «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты. Партияның депутаттық фракциясының жетекшісі болды.

2017-2019 жылдар аралығында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT