Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

2019 жылғы 7 шілде 12:31 1167
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет. Бұл туралы бүгін  Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік  концертте  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгін міне барша халық болып, Ұлттық аспаптан шыққан күйдің құдіретін, қуатын сезіндік. "Сарыарқа", "Балбырауын", "Адай", "Әлқиса" күйлері ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың  терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадыр тұтуымыз қажет. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді",  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет 

Қазақстан Президенті  Ұлттық Домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттыратындығын айрықша атап өтті.

"Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. "Өнер ұлт келбеті" дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT