
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
12.07.2019 22:06 621
-
12.07.2019 21:51 743
-
-
-
12.07.2019 21:07 620
-
12.07.2019 21:01 607
-
12.07.2019 20:50 605
-
12.07.2019 20:25 661
-
-
12.07.2019 20:12 586
-
12.07.2019 20:00 728
-
12.07.2019 19:43 661
-
-
12.07.2019 19:01 691
-
-
12.07.2019 18:46 794
-
-
-
12.07.2019 17:53 759
-
12.07.2019 17:45 733
-
-
12.07.2019 17:20 762
-
-
12.07.2019 17:04 1746
-
-
12.07.2019 16:50 729
-
-
12.07.2019 16:38 772
-
-
-
-
12.07.2019 15:50 882
-
ҚР ИИДМ-де жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесе «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - Адалдық алаңы» бірлескен жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жобаның миссиясы - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен оның қарамағындағы ұйымдарға деген сенімін арттыру.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясындағы кейбір іс-шараларды атап өткім келеді. Мәселен, көлік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология салаларындағы бақылау-қадағалау функциялары шамамен 30 пайызы қысқартылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс - шаралар жүргізілді»,-деді ҚР ИИДМ жауапты хатшысы Мереке Пішембаев.
Сонымен қатар ол көлік мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілгенін еске салды. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға нақты уақыт режімінде көліктік бақылау бекеттеріндегі инспекторлардың жұмысын бақылауға мүмкіндік берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоба келесі салаларда жұмыс істейтін болады: индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік; жер қойнауын пайдалану; автомобиль жолдары; азаматтық авиация; көлік; құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; қорғаныс өнеркәсібі.
Көрсетілген бағыттар аясында бірқатар міндеттер қарастырылған. Осы орайда қолданыстағы НҚА-ны талдау және жетілдіру, ішкі және сыртқы бизнес-процестерді талдау, оларды оңтайландыру, ұйымдастыру-басқару қызметін талдау, Сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды енгізу секілді қадамдар ескерілген.
Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «Адалдық алаңы» жобасының ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
«Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Адалдық алаңы» жобалық кесесін ашқалы отырмыз. Бұл үлкен ауқымды жұмыс Елбасының тапсырмасымен жүргізіліп жатыр. Биыл осы жоба еліміздің барлық өңірлерінде өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, республикалық деңгейде де тиісті шаралар іске асырылуда. Бірнеше министрлікте осындай жобалық кеңселер ашылған болатын», - деді агенттік өкілі.
Жобалық кеңсе жұмысының басталуына ұйытқы болатын құжатты бүгін Мереке Пішембаев пен Олжас Бектенов рәсімдеді.
- Техникалық байқау операторларын тексеру нәтижесі жарияланды
- Жер телімін бөлуде көбіне қандай заңсыздықтар орын алады
- Автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу тәртібін қайта қарастыру керек - агенттік
- Арыстағы 3232 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде - министрлік
-
Ақмолада автокөліктерді заңсыз техникалық байқаудан өткізу оқиғалары анықталды
-
Пробация қызметкерінің телефонына бірлік салған азаматша айыппұл төледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам