Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

ҚР бастамасымен ЕАЭО титан өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетілді

2019 жылғы 10 шілде 09:10 651
Бөлісіңіз:
ҚР бастамасымен ЕАЭО титан өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетілді

МИНСК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразия экономикалық комиссиясының алқасы 9 шілде күні ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және ванадий-алюминий лигатурасына салынатын Бірыңғай кедендік тарифке өзгеріс енгізу жөнінде  шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі аралықта ванадий-алюминий лигатурасына салынатын кедендік баж мөлшерлемесі нөлге теңестірілетін болды.

Қазіргі кезде мөлшерлеме 10%-ды құрайды.

Қазақстан Республикасының Еуразия экономикалық одағында титан өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсетуге бағытталған бастамасы қаралған соң осындай шешім қабылданды.

Ванадий-алюминий лигатурасы өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылатын және медициналық өнімдерді әзірлеуге қажетті титан қорытпаларын өндіруге пайдаланылады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT