Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Қостанайда жылқыларды атып, етін сатып жүргендер ұсталды

2019 жылғы 10 шілде 10:05 571
Бөлісіңіз:
Қостанайда жылқыларды атып, етін сатып жүргендер ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жарты жыл бойы үй жануарларын ату арқылы ұрлық жасап жүргендер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Осы жылдың көктем айларынан бері полицияға бірнеше үйір жылқының жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Сонымен қатар, Науырзым, Әулиекөл, Қарасу аудандары мен Жітіқара қаласында үйір жылқының айғырлары жоғалып кеткен.

«Мал ұрлығына қатысты аудандарда жедел іздеу топтары құрылды. Полицейлер жайылымдарды қарап, автокөліктерге тексеру жүргізген. Із кесу шараларының бірінде Науырзым ауданында 1993 және 1984 жылы туған екі ер адам ұсталды. Олар Әулиекөл ауданының  тұрғындары екені анықталды. Ұрылар жылқыларды атып алып, етін Қостанай қаласына сатып келген», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Облыстық полиция департамені бастығының орынбасары Жанболат Олжабаевтың сөзінше, қазіргі уақытта күдіктілер кінәсін толығымен мойындаған.

«Олардың 12 рет мал ұрлығына қатысты болғаны анықталды. Оқиға орнында түліктердің терілері, тұяғы табылып, заттай дерек ретінде көрсетіледі. Жалпы, жыл басынан бері облыста 115 мал ұрлығы фактісі тіркелді», - деп атап өтті Жанболат Олжабаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT