Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Қостанайда есірткіні жарнамалаған жасөспірім ұсталды

2019 жылғы 11 шілде 20:37 566
Бөлісіңіз:
Қостанайда есірткіні жарнамалаған жасөспірім ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 17 жастағы жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласында жүргізілген «Көкнар-2019» және «Паутина» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері автобус аялдамалары мен трансформаторлық будкалардың қабырғаларына граффити салған 17 жастағы жігітті ұстады. Аталмыш жазулар синтетикалық есірткі жарнамалайтын интернет сайттың электрондық мекенжайы болып шыққан.

«Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жеткіншек Рудный қаласының тұрғыны жарнама арқылы  ақша тапқысы келген.  Үй сыртындағы жарнама жазбасын көріп, ол белгісіз адаммен байланысқан.  Интернет арқылы хат алмасу барысында соңғысы оған белгілі бір сомаға үйлер мен басқа да ғимараттардың қасбеттеріне граффити жасауды ұсынған», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT