Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.20
Jańalyqtar

Қостанай облысында отбасын қолдау ресурстық орталығы ашылды

2019 жылғы 10 шілде 01:44 634
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында отбасын қолдау ресурстық орталығы ашылды

 ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасын ресурстық қолдау орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл орталықтың мақсаты - отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстағы проблемаларды ерте анықтау, тұрғындарға психологиялық, құқықтық, педагогикалық және басқа да консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Орталық Қостанай облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында орналасқан.

Күн сайын 09.00-18.30 аралығында әртүрлі деңгейдегі 7 маман жұмыс істейді. Олар: екі психолог, нарколог, медиатор, әлеуметтік педагог, заңгер және қоғаммен байланыс жөніндегі маман. Бұдан басқа, Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, жеке сот орындаушыларының облыстық палатасы, қорғаншылық мекемелері жұма сайын қызмет көрсетеді. Кез келген азамат орталыққа барып, тиісті көмек ала алады дейді мамандар. 

«Орталықтың ашылуы бүгінгі күннің талабынан туындады. Біздің елде әрбір үшінші неке бұзылады, әрбір бесінші бала жалғызбасты отбасында өседі. Мұны статистика дәлелдеп отыр. Адамдар психологтың, медиатордың, наркологтың көмегіне мұқтаж. Бұрын «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асырудың бастапқы кезеңінде жоғарыда аталған мамандардың қызметтері туралы сұрақ туындады. Осы орталықты құру арқылы көптеген мәселені шешеміз», - деп атап өтті сот төрағасы К.Шармұхаметова.


Қостанай облысында отбасын қолдау ресурстық орталығы ашылды 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Қостанай облысы, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT