Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанай облысы Арыстағы үйлерді жөндеуге 500 млн теңге аударады

2019 жылғы 10 шілде 13:40 538
Бөлісіңіз:
Қостанай облысы Арыстағы үйлерді жөндеуге 500 млн теңге аударады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс отырысында Қостанай облысының бюджеті қайта қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігі депутаттарға үнемделген 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын қажетті бағыттарға бөлуді ұсынды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның айтуынша, бұл қаржы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемделді, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігі де ұлғайған.

«Қостанай облысының бюджетінен 500 млн теңге Арыс қаласындағы қираған үйлерді қалпына келтіруге жұмсалады. Бұдан бөлек, 2019-2021 жылдарға жоспарланған бюджет қаржысы есебінен 135,7 млн теңге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық бейімдеу орталығының ғимаратын қайта жаңғыртуға қарастырылады. «Юбилейный» шағын ауданында жылу құбырларын тарту жұмыстары жалғасуда.  Бұл мақсатқа 140 млн теңге бөліп отырмыз. Қостанайдағы №2 жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізуге 325,5 млн теңге қаржы бөлінеді», - деді Гүлбарам Мұсағазина.

Сондай-ақ Бейімбет Майлин, Меңдіқара, Денисов аудандарындағы бірқатар елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстарына 190,5 млн теңге қаржы бөлу көзделіп отыр. 12 елді мекенге ауыз су құбырын тарту үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленеді. Қостанай ауданына қарасты Озерный, Шеменов елді мекендеріне жоғары қысымды газ құбырын өткізу жұмыстарына да қомақты қаржы бөлінбек. Өңір тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары да бірінші кезекте тұрған мәселе. Биыл тұрмысы төмен отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекке облыс бюджетінен 318 млн теңге қарастырылған. Білім саласына да бөлінген қаржы қомақты. Мәселен, жаңа оқу жылына дейін 153,1 млн теңгеге жаңартылған мазмұндағы оқулықтар сатылып алынып, Арқалық қаласы мен Қостанай, Қарасу аудандарына жөнелтіледі.

«Полиция департаменті Рудныйда әкімшілік жазаға тартылғандарды қабылдау және ұстау орнын құруға 13,3 млн теңге алады. Дене шынықтыру және спорт басқармасына триатлоннан жаттықтырушы, оқытушылардың екі қосымша ставкасын енгізуге және жарыстарға қатысуға 8,8 млн теңге бөлінеді», - деп ұсыныс білдірді басқарма басшысы.

Депутаттар ұсынылған бюджет қаражатын бірауыздан мақұлдады.  Сонымен қатар, мәслихат отырысы 4 адамға «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді қабылдады. Олардың ішінде белгілі ақын Жолбарыс Баязид, кәсіпкер Серікбай Бисетаев, заңгер Сергей Жалыбин, ұзақ жылдар Жітіқара ауданын басқарған Ризван Мұртазиндер бар.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
MURAǴAT